Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа байланыс операторы шығады

Жаңа байланыс операторы шығады

Қазір еліміздің ұялы байланыс нарығында үш оператор – Kcell, Tele2, Beeline жұмыс істейді. Төртінші ұялы байланыс операторы Қазақстанда осы жылдың соңына дейін пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша жыл соңына дейін радиожиілік спектрін тарату бойынша аукцион өткізу жоспарланып отыр.Оған барлық ниет білдірген компаниялар қатыса алады.
Алдағы аукционға қатысу туралы шешім ұялы байланыс нарығының белсенді қатысушыларының өздеріне байланысты, – деп нақтылады агенттік.
Естеріңізге сала кетейік, қазір радиожиілік спектріндегі аукциондар өткізілмейді. Нәтижесінде, агенттіктің мәліметінше, компания ұялы байланыс операторы мәртебесінсіз жиіліктерді сатып ала алмайды, ал бұл жағдай жиіліктердің болмауына байланысты. Аукцион осы келеңсіздікті реттеуі тиіс.
Төртінші оператор рөліне ең ықтимал кандидаттардың арасында «Транстелеком» операторы бар.
baq.kz
18 қараша 2022 ж. 258 0