Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас мемлекеттік санитар дәрігер: "Сайлауға барарда маска тағыңыз"

Бас мемлекеттік санитар дәрігер: "Сайлауға барарда маска тағыңыз"

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағанбетова сайлауға баратындардан маска тағуды өтінді деп хабарлайды stan.kzақпарат агенттігі Sputnik-тің ақпаратына сүйеніп. 

Оның сөзінше, қазір елде коронавирусқа қатысты жағдай бірқалыпты, барлық өңір “жасыл” аймақта. Қазақстанда күніне 70 адамнан коронавирус анықталып жатыр. 
Бірақ бұл босаңсуға болады деген сөз емес. Есмағанбетова есесіне тұмау мен ЖРВИ жұқтырғандар көбейген дейді. 
Бас мемлекеттік санитар дәрігер сайлау учаскелерінде вирус тарамауына бар жағдай жасалатынын да айтты. 
“Сайлау комиссиясы мүшелері үш сағат сайын маскасын ауыстырып отырады әрі учаскеде адам толып кетпегенін қадағалайды”, – дейді ол. 
Қазақстан президентін сайлау 20 қарашада өтеді. Оған алты кандидат түсіп отыр. Олардың халыққа қандай уәде бергенін мына жерден оқыңыз. 
19 қараша 2022 ж. 362 0