Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз болашағымызды таңдайық

Өз болашағымызды таңдайық

Санаулы күндерден соң  бүкіл  қазақ елі болып, ел президентін  сайлайтын  әрбір қазақстандықтар үшін ерекше айтулы күн  болары анық. «Жаңа Қазақстанның » жаңа басшысын сайлауда , экологиялық аймақта өмір сүріп жатқан сабырлы, қайсар Аралдықтарда  өз қалауын таңдап,  болып жатқан оң өзгерістер мен  реформалардан  келешекте үлкен ұмітпен  қарайтынымыз рас . Теңізді өлке тұрғындары қай уақытта да  саяси науқаннан тыс қалған емес. Олай дейтінім  биылғы жылдың 4 маусымында болған  референдумда «Арал ауданының тұрғындарының 90 пайызы  референдумға қатысты » деген хабарды Қазақстан телеарнасынан бірнеше рет қайталап айтқанын естігенім бар. Алдағы сайлауда да  өз тұрғындарына бас болып, сайлауға  қатысып, өз  қалауларын таңдайтынына сенім мол. Олай болса  сайлауға түгел қатысып, өз таңдауымызды  жасайық ағайын.
Аманжол Жолмағанбетов,
ардагер ұстаз
18 қараша 2022 ж. 226 0