Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірлік пен бейбітшілік – біздің ортақ мүддеміз

Бірлік пен бейбітшілік – біздің ортақ мүддеміз

Бүгін мемлекет басшысы Елорда төрінде өткен ұлықтау рәсімінде Қазақстан халқына ант беріп, бірқатар жарлыққа қол қоятындығын айтқан болатын. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызды бірлікке үндеген еді.

«Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге мемлекет басшысы елдің өзіне артқан сенімін абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

«Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын!
Еліміз өсіп-өркендей берсін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Халқымыз жасасын! Халқымыз әрқашан аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!», - деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Иә, дана халқымыз: "Бірлік бар жерде – тірлік бар" демекші,тәуелсіз еліміз ашық аспан астында бірлікпен күн кешетініне сенім белдіремін.

Әділхан ТАНЫМБЕТОВ,
қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы




26 қараша 2022 ж. 1 044 0