Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қазақстан халқын жаңа 2020 жылмен құттықтады

Тоқаев Қазақстан халқын жаңа 2020 жылмен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жаңа 2020 жылымен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZАқордаға сілтеме жасап.

Қымбатты отандастар!
Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды.
Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетінайрықша сәт.
Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтіндеайтылатын ақ тілектің орны бөлек.
Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл – табиғи дүние.
Біздің бүгінгі басты бағытымыз –Жаңғыру жолы.
Баршаға қуаныш сыйлайтын Жаңа жыл мейрамы осы мақсатпен үндеседі.
Өтіп бара жатқан 2019 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды.
Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Тұңғыш президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жолы сақталды.
Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты. Осы орайда, қолдау көрсеткен азаматтарға және бүкіл халыққа шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бүгінде әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан экономикамыз орнықты дамып келеді.
Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шараларды жүзеге асырдық.
Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақыны, жәрдемақыны және студенттердің стипендиясынкөбейтетін болдық.
Әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қолдау көрсету үшін біз бұрын-соңды болмаған бірегей шешім қабылдадық. Соның арқасында 500 мыңнан астам борышкердің қарызыайтарлықтай азайды.
Шағын және орта бизнесті қолдау үшін теңдессіз шаралар қабылдадық. Жаңа жұмыс орындары ашылатын болды.
Мен ұсынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасы қоғамымыздың дамуына жаңа серпін беруі қажет.
Халық пен билік арасындағы диалогты күшейту үшін маңызды реформаларды ұсындық.
Бұл бастамалар ынтымағымызды арттыруға бағытталған.
Татулық – ата-бабалар өсиет еткен қасиетті ұғым.
Сондықтан, татулық пен бірлікті көздің қарашығындайсақтауымыз керек.
Біз білімі озық, ойы ұшқыр жастарға жағдай жасап, жол ашамыз.
Осыған орай, "Президенттік кадр резерві" жасақталды.
Биыл Арыс қаласындағы төтенше оқиға кезінде халқымыз мызғымас бірліктің үлгісін көрсетті. Мен халқымызды мақтан тұтамын.
Біз кез келген сыннан сүрінбей өтіп, зор табысқа бірге жетеміз деп сенемін.
Келесі жылы Конституциямыздың 25 жылдығын атап өтеміз.
Ұлы даламыздың даңқты тарихын жан-жақты дәріптеугеерекше көңіл бөліп келеміз.
Абайдың, әл-Фарабидің мерейтойларына дайындық жұмыстарын бастадық.
Алтын Орданың 750 жылдығын мемлекет деңгейінде атап өтетін болдық.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толады.
Тиісті іс-шаралардың барлығын ысырапшылдыққа жол бермей, мазмұнды ой тудыратын деңгейде өткіземіз.
Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан тың бастамалардың бәрі ел игілігі үшін жасалып отыр.
Оң өзгерістер жаңа 2020 жылда лайықты жалғасын табады. Дегенмен, сын-қатерлер аз емес. Сондықтан, біз еліміз үшін, халқымыз үшін адал қызмет етуіміз керек.
Халықтан биік, халықтан жоғары тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ.
Қазақстан дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосылуы қажет.
Біз үшін бұдан басқа тура жол жоқ.
Біз 2020 жылды Еріктілер жылы деп жарияладық. Бұл игі істердің бастауы болады.
Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтынығайту үшін керек.
Келесі жылы халқымыз жағымды жаңалық пен қуанышты сәттерге кенеле берсін!
Жаңа жыл әрбір азаматқа, әрбір отбасыға бақ-береке әкелсін!
Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!
Сонымен қатар президент қазақстандықтарды Twitter әлеуметтік желісі арқылы да құттықтады.
"Қадірлі отандастар! Баршаңызды Жаңа 2020 жылмен құттықтаймын! Еліміздің іргесі берік болсын. Әр азаматқа және әр отбасыға амандық, бақ-береке тілеймін", - деп жазды мемлекет басшысы.
01 қаңтар 2020 ж. 601 0