Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа бастамалар – жарқын болашақ

Жаңа бастамалар – жарқын болашақ

Жуырда ел болашағын бекемдеп, ұлт келешегін кемелдендіру мақсатында кезектен тыс президент сайлауы өтті. Бұл сайлау өзгелерден ерекше. Себебі осы жолы сайланған президент ел тізгінін 7 жыл ұстайтын болды. Саяси дода халқымыздың біртұтас ел екендігін айқындап берді. Себебі сайлауға қазақстандықтар белсенді түрде қатысып өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде жарқын бастамаларымен ел ықыласына бөленіп жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл қазақстандықтардың елдің болашағына немқұрайлы қарамайтындығын, тұлға тани білетін қырағылығын көрсетті. 
Енді  бүгін көптің сеніміне ие болған Қасым–Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Бұл шараны біз көгілдір экран арқылы тамашаладық. Президент өткен сайлаудың әділ әрі ашық өткендігін айта келіп, өзінің сайлауалды  бағдарламасында көтерген бастамаларын орындайтындығын жеткізді.
«Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс. Әсіресе, ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет», - деді мемлекет басшысы.
Өзім білім беру саласының ардагері ретінде мұғалімдік қызметтің қандай қиын, әрі жауапты екендігін жақсы білемін. Шыны керек, Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғалы бері мұғалімдер мәртебесін көтерді. Жалақысын жыл санап өсірді. Президенттің бұл ерекше ықыласы осы сала қызметкерлерінің де мерейін өсірді. 
Бүгіннен бастап президенттік қызметіне кіріскен  Қасым-Жомарт Тоқаев елдің өркендеу жолында аянбай еңбек етеді деп білемін.

Нұралы ОСПАНОВ,
білім беру саласының ардагері
26 қараша 2022 ж. 512 0