Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шудың адам ағзасына тигізер әсері

Шудың адам ағзасына тигізер әсері

Адам организміне қолайсыз әсерін тигізетін, оның жұмысы мен демалысына кедергі жасайтын дыбыстардың жиынтығы немесе әр түрлі жағымсыз дыбыстар шу деп аталады.
Серпімді ортаның тербеліс қозғалысы белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқындарын тудырады және герцпен (Гц) белгіленеді. Гц 1 секунд ішіндегі дыбыстың бір тербелісіне тең. Жиілігі 16-20000 Гц-қа дейінгі аралықта болатын дыбыстарды ғана адам ести алады. Бірақ төменгі жиілікті (400 Гц-тантөмен) жоғары жиілікке қарағанда адам нашар естиді. Адам жасы ұлғайған сайын жоғарғы жиілікті дыбыстарды да (20000-нан 12000 Гц-кедейін) нашар ести бастайды. 800-6000 Гц аралығындағы дыбыстарды адамның есту жүйесі өте жақсы естиді. Жиілігі 16 Гц-тан төмен дыбыстар инфра дыбыс деп аталады, 20000 Гц-тан жоғарғы дыбыс ультра дыбыс деп аталады. Адамның есту мүшесі бұл дыбыстарды қабылдамайды.
Қалалық шуды 4 негізгі түрге бөлуге болады: транспорттық, кварталдық, өндірістік, пәтерлік. Алғашқы 3 түрі сыртқы шуға (ғимараттың сыртында), ал пәтерлік – ішкі шуға (ғимараттың ішінде) жатады.
Транспорттық – қазіргі уақытта қала жағдайындағы ең көп тарағант үрі. Шығу көздері – автомобильдер, трамвайлар, троллейбустар және теміржол мен әуе транспорттары. Олар жалпы шудың 80 пайызын құрайды. Кварталдық қалалық шу төменгі жиіліктен өте жоғары жиіліктікке дейінгі диапазонда болады.
Өндірістік-кәсіпорын мекемелерінің тұрғын аудандарға жақын орналасуы акустикалық талаптың бұзылуына әкеп соқтыратын елеулі фактор болып табылады.
Пәтерлік шу екіге бөлінеді: тұрмыстық (адамдардың тіршілігіне байланысты) және механикалық (инженерлік және санитарлы-техникалық) қондырғылар арқылы пайда болады.
Шудың организмге теріс әсер етуі кезінде өзгерістер арнайы және арнайы емес түрінде көрінеді.
Арнайы әсерлер – есту мүшелеріне, ал арнайы емес түрінде – басқа мүшелер мен жүйелерге әсер етеді. Атап айтсақ, орталық жүйке жүйесінің өзгерістері: тез шаршау, зерделіктің төмендеуі, ұмытшақтық, күйгелектік. Түнгі шу 40 дБА деңгейінде болған кезде ұйқы бұзылады, ал 50 дБА болған кезде 1 сағатқа дейін адам ұйықтай алмайды, ал ұйқының тереңдігі 60 пайызға дейін қысқарады. Егер шу деңгейі 30 дБА-дан аспаса ұйқы бұзылмайды.
Жүрек және қан тамыр жүйелерінің бұзылуы: тамыр соғуының өзгеруі, перифериялық тамырлар мен капиллярлардың тарылуы, артериялық қысымның жоғарылауы.
Тыныс алу жүйелерінің бұзылыстары: тыныс алу тереңдігі мен жиілігінің бұзылуы.
Сезім және көру мүшелері жүйесінің бұзылуы: анық көру тұрақтылығының төмендеуі, қараңғы түскен кезде көрудің нашарлауы.
Вестибулярлы аппараттың бұзылуы: бас айналу, тең салмақтылықтың бұзылуы.
Ас қорыту жүйесінің бұзылуы: асқазан сөлі секрециясының бұзылуы, асқазан мен ішек перистальтикасының төмендеуі.
Балалар шудың әсерін өте сезімтал келеді және қауіптілік тобына жатады. Егер сыныпта шудың деңгейі 45 дБА-дан жоғары болса, онда оқушыларда есту сезімі төмендейді, қажу және бас ауыруы пайда болады. Оқушылардың ой еңбегі, қабілеті және үлгерімі де бірден нашарлайды. Шудың балаларды ояту деңгейі – 50 дБА-ға, ал үлкен адамдар үшін – 30 дБА, ал кәрі кісілер үшін одан да төмен.
Ауру адамдар жүйке және жүрек-қантамыр жүйелерінің қызметі бұзылғандықтан, олар шудың әсеріне өте сезімтал келеді. Аурулардың сауығуы ұзаққа созылады, ауруханада жату мерзімі де ұзарады.
Шудан қорғау үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
Шудың шығу көзіне қатысты қолданылатын шаралар – олар инженер-техникалық және ұйымдастыру-әкімшілік әдістері болып бөлінеді. Шудың шығу көзінен бастап, қорғайтын нысанға дейінгі таралу жолында колданылатын шаралар – бұлар көбінесе қала салу және құрылыс-акустикалық әдістер.Нысанда шудан қорғауға жургізілетін шаралар – бұған коршаған дыбысты оқшаулауды жоғарылату және жоспарлау әдістері жатады.Шудан қорғау мақсатында қала аумағын аймақтарға бөлу: 1 – әуежай; 2 – транзитті магистраль; 3 – селитебті аймақ; 4 – саябақты аймақ; 5 – спорттық аймақ; 6 – өндірісті каймақ. Шудан қорғау кезінде ғимараттарда дыбысты изоляциялау және дыбысты сіңіру кеңінен қолданылады.
Дыбысты изоляциялау – бұл қоршаулар мен қалқалардың ауалық және соғылудан (жүргенде, жиһаздарды қозғаған кезде және т.б) пайда болатын шудың дыбыс энергиясын әлсірету қасиеті.
Санитарлық-техникалық шаралар мен шуды азайту жағдайлары:
Желдеткіштерді виброизоляциялау және желдеткіштер мен ауа өткізгіштердің арасына солқылдақ заттарды (брезентті) орналастыру. Су құбыры жүйесінде су ағынының жылдамдығын төмендету. Құбырдың диаметрі кішкене болған сайын, шу деңгейі де жоғары болады. Су құйылатын багі төмен орналасқан унитаздарды пайдалану.
Қабырғалардың арасынан құбырларды жүргізгенде дыбысты серпімді материалдармен азайту.
Қалалардың бас жоспарының, ауылдарды жоспарлау жобасының, аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының құрамында акустикалық тарау болуы қажет.
Г. Сақтағанова,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бөлім басшысы
19 желтоқсан 2022 ж. 1 350 0