Дерттің алдын алу маңызды

Жұмысшы топ Арал ауданаралық ауруханасында болып, мониторинг жүргізді. Жұмыс барысында аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізіп, аталған мәселе бойынша пікір алмасты. Жиынға аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып, тұрғындар денсаулығын сақтаудың маңыздылығын айтып, басты байлық мәселесі әрдайым басты назарда екендігін жеткізді.
Одан соң ауданаралық аурухананың бас дәрігері М. Ршымбетов аудандағы онкологиялық қызмет бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Жыл басынан бері аудандағы 1310 адам онколог дәрігердің қабылдауында болса 82 науқас облыстық онкология орталығында ем алған.
Жиыннан соң жұмысшы топ мүшелері аудандағы аурухана, емханаларды аралап ем жүргізу шараларының барысымен танысты.



"Толқын" ақпарат