Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2028 жылдан бастап әйелдер қанша жастан зейнетке шығады

2028 жылдан бастап әйелдер қанша жастан зейнетке шығады

2028 жылдан бастап әйелдер қанша жастан зейнетке шығатыны белгілі болды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте 2028 жылдан бастап әйелдер қанша жастан зейнетке шығатынын айтты.

2028 жылға дейін әйелдерге арналған зейнет жасы 61 жас деңгейінде бекітілді. Осы қабылданған заңға сәйкес, 2028 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы - 61,5, 2029 жылдан – 62 жас, 2030 жылдан – 62,5 жас және 2031 жылдан бастап 63 жасты құрайды. 2028 жылға дейін тек белгіленген жас көзделген. Бірақ одан кейін жарты жылдан қосылып, еңбек жасы ұлғаятын болады, – деп айтты вице-министр.

Фото: baq.kz
26 желтоқсан 2022 ж. 571 0