Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпті отшашулардан сақ болайық!

Қауіпті отшашулардан сақ болайық!

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Қызылорда облысы аумағында «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы өтуде.

Осы орайда, бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде сала мамандарының қатысуымен онлайн форматта брифинг өтті.

Брифингте «Пиротехника» жедел алдын алу шарасының өту барысы туралы айтылды. Брифинг спикерлері Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының ЕТЖ аға инспекторы полиция подполковнигі Айбек Жүнісқұлов және Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың ережелерін түсіндірді.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сауда орындарында пиротехникалық заттарды сату белсенді жүзеге асырылатыны белгілі. Осындай тауарлардың арасында сапасы төмен немесе қолдан жасалған, сондай-ақ ресми құжаттарсыз бұйымдар да кездеседі. Сондықтан пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда сала мамандарымен рейдтік шаралары ұйымдастырылуда.

Сол себепті пиротехникалық бұйымдарды кәмелетке толмаған балаларға сатуға, қолдануына жол бермеу керек.

Қызылорда облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, сертификатталмаған пиротехниканы қолдану өртке әкеп соғатынын, сондай-ақ, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу қажеттігін қатаң ескертеді.

Айта кетейік, «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы 2023 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады.

kyzylorda-news.kz

Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz
26 желтоқсан 2022 ж. 405 0