Пиротехникадан келер қауіп көп

Сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 411 және 483-баптарына сәйкес, өрт қауіпті немесе өрт-жарылыс қауіпті бұйымдарды сату немесе сақтау, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуға жол берілген жағдайда, аталған заттар мен бұйымдарды тәркілей отырып, әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғатынын айтып өткен жөн. Қауіпсіздік ережелерін басты назарда ұстап, жаңа жыл мейрамын қауіпсіз өткізейік, ағайын!
Жадыңызда жүрсін:
жарылғыш затты қалтада алып жүруге;
– жаймалардан, көшеден, сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға;
адамға қарай жарылғыш заттарды атуға;
аяқ астына лақтыруға;
тұрғын үйлерден 50 метрден кем арақашықтықта отшашуды (салют) орнатуға;
– бетке жақын ұстауға, қатаң түрде тыйым салынады!
А. Сыдықов,
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің
бас маманы, азаматтық қорғау капитаны