Соңғы тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлады BAQ.KZ.3 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 680 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 421 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 
7 адамның жағдайы ауыр, 
6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
		





		
		



