Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 қаңтарға арналған ауа райы

6 қаңтарға арналған ауа райы

Синоптиктер 6 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Семей қаласында жауын-шашын (қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с.

Астана қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтсүтігінде 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Өскеменде жауын-шашын (қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Тараз қаласында кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болуы мүмкін.

Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігіне, батысына тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Түнде Маңғыстау облысының шығысына тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтау қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Павлодар қаласында көктайғақ, түнде және таңертең бұрқасын болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстік-батысында бұрқасын болады. Облыстың шығысында тұман түседі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аймағында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с.
06 қаңтар 2023 ж. 243 0