WhatsApp интернет бұғатталған кезде де жұмыс жасайтын болады

Жаңа функция еріктілер мен ұйымдардың прокси серверлеріне қосылуға мүмкіндік береді. Проксиді орнату бойынша тиісті нұсқаулар мессенджер блогында жарияланған. WhatsApp-қа прокси арқылы кіру нұсқаулықтары бөлек мессенджер хабарламасында сипатталған.
"Интернет үзілістеріне байланысты көпшілігінің жақындарымен байланысу мүмкіндігі жоқ. Бұл адамдарға көмектесу үшін біз бүкіл әлем бойынша WhatsApp қолданушылары үшін прокси-серверлерді қолдауды іске қосамыз", - делінген компанияның хабарламасында.
Мессенджердің айтуынша, прокси-сервер арқылы кіру WhatsApp-тың жоғары құпиялылық пен қауіпсіздік талаптарына жауап береді. Бұл функция Иранда адам құқықтарының бұзылуына және жедел көмек ала алмауына әкелген бірнеше айға созылған интернет бұғаттаулары кезінде пайда болды.
Фото: halyqline.kz