Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін уақыт ауыстыруды ұмытпаңыз!

Бүгін уақыт ауыстыруды ұмытпаңыз!

Қызылорда облысында 2018 жылдың желтоқсан айының 20-нан 21 не қараған түні сағат 12.00-де жергілікті уақыт бір сағат артқа ауыстырылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.


«Өздеріңізге белгілі, облысты 5-ші уақыт белдеуінен 4-ші уақыт белдеуіне көшіру, яғни аймақтағы уақытты есептеудің қолданыстағы тәртібін бір сағат кейінге өзгерту аймақтың табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына неғұрлым оңтайлы шешім болып табылатыны жайлы облыс әкімдігінің ұсынысы Елбасы тарапынан қолдау тапты. ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №817 Қаулысы қабылданды. Осыған орай, аймақ тұрғындарын жаппай хабардар ету жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Дегенмен де, жолаушылардың жолдан қалып қоюы, оқушылардың сабаққа ерте баруы сияқты келеңсіздіктерді болдырмау үшін Сіздердің де жан-жақты ақпараттандыруға атсалуларыңызды сұраймыз», - деді Р. Рүстемов.
Ескертетін жайт, желтоқсан айының 20-нан 21-не қараған түні сағат 23.40-та облыстық телеарнада тікелей эфирден арнайы бағдарлама көрсетіледі.


19 желтоқсан 2018 ж. 1 200 0