11 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады

"Қазгидромет" РМК ұсынған ақпарат бойынша, ел аумағының басым бөлігінде арктикалық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз аязды ауа-райы сақталады.
“Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауып, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман болжанды”, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.