2023 жылы МӘМС үшін кімдер қанша төлейді?

2023 жылы МӘМС үшін кімдер қанша төлейді?
жұмыс берушілер қызметкерлері үшін - жалақының 3%-ы мөлшерінде, бірақ
10 етж-дан (ең төменгі жалақыдан) немесе 21 мың теңге артық емес.
қызметкерлер, оның шінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер - табысының 2%-ы, бірақ
10 етж-дан немесе 14 мың теңгеден артық емес.
жеке кәсіпкерлер (жк)
етж-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге.
өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар немесе бжт төлеушілер
республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін бжт көлемі 1 аек құрайды, яғни 3 450 теңге;
қалған елді мекендердің тұрғындары үшін бжт көлемі 0,5 аек құрайды, яғни 1 725 теңге.
дербес төлеушілер
1 етж-ның 5%-ы немесе 3 500 теңге.
15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін мемлекет төлейді
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдігі бар санатындағы 1 адамға жарна мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% -ы*
* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.
МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?
Жарнаны:
- екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;
- «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;
- төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;
- медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы төлеуге болады.