Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 39 градус аяз: Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?

39 градус аяз: Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері Қазақстанға әсерін тигізген антициклон әлсірей бастайды.
22-24 желтоқсандағы ауа райына болжам жасаған синоптиктер осылай дейді.Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Таймыр төңірегінде жаңа антициклон қалыптасып, күшейіп, Батыс Сібірдің орталық аймақтарына ығыса бастайды. Салдарынан оның сілемі Қазақстанға әсерін тигізеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде суық болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, ауа райы жауын-шашынсыз болып, республиканың кей аймақтарында ғана қар жауады.
Ал еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында тұман сақталады. Батыс аймақтарда да тұман, көктайғақ болады. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнде 30-39°С аяз болады деп болжануда. Бұл климаттық нормадан 7-10°С төмен.

Stan.kz​​​
21 желтоқсан 2018 ж. 853 0