Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады, ал дүйсенбіде қар жауып, кей жерлерде бұрқасындатады. Батыс Сібір аймағынан Қазақстанға ығысатын суық атмосфералық ағымдардың әсерінен еліміздің барлық дерлік өңірінде күн суытады. Бұл күндері ауа температурасы климаттық нормадан 2…5 градус, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 5…10°С төмен болады деп болжануда.
sputniknews.kz