"Қар және жаңбыр". Аптаның басында ауа райы қандай болмақ?

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23, ұйытқуы 28 м/с, түнде және таңертең кей жерде тұман, көктайғақ.
Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі. Атырау облысында — кей жерде көктайғақ.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман, желдің екпіні15-20 м/с. Жамбыл облысында кей жерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.
Ірі қалаларда ауа райы қандай болады?
Астанада дүйсенбі күні қар жауады, күндіз ауа температурасы —7 градус аяз.Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +2 градус жылы.
Үшінші ірі қала Шымкентте — жаңбыр, +6 градус.
sputniknews.kz