Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Автокөліктер утиль алымнан қандай жағдайда босатылады?

Автокөліктер утиль алымнан қандай жағдайда босатылады?

Сонымен қатар ол автокөліктер қандай жағдайда 200 000 теңге алымын төлейтініне және утиль алымынан босатылатынына тоқталды.

Біріншіден, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек. Екіншіден, іздеуде болмауы қажет. Үшіншіден, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болу тиіс. Төртіншіден, кедендік тазартудан өту керек. Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға және шағын жүк автомобильдеріне, оның ішінде оң жақты басқару органдары бар автокөліктерге қолданылады, - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Белгілі болғандай, бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің жасына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайсар Сұлтанбаев келесі аптада шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталатыны туралы айтқан болатын.

Ережелер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Яғни бүгін жарияланғанын ескерсек, 23 қаңтарда күшіне енеді және сол күннен бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға кірісеміз, - деді ол.

baq.kz
Фото: ult.kz
16 қаңтар 2023 ж. 262 0