Қызылордада бизнеске жер учаскелерін бөлу саласындағы мәселелерге қатысты сыртқы талдау жүргізіледі

Талдау ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жүргізіледі.
Осыған орай, аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері, басқа да құқық бұзушылықтар туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, 156А ғимаратта орналасқан «Antikor» орталығына келуге, taldau-kzo-2022@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp +7 707 282 21 51, +7 701 869 99 94 жолдауға, сонымен қатар Департаменттің кезекші бөлімінің 23-06-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Құрметті кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.