Темір жол саласында мәселе туындаса қайда хабарласу керек?
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС «Батыс филиалы» Қызылорда қосалқы бөлімі мен (оған қарасты мекемелер) Қызылорда магистралды желі бөлімшесі (оған қарасты мекемелер) және «Қызылорда темір жол су» ЖШС қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған талдаудың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністері мен құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау болып табылады.
Сонымен қатар, аталған саланың осал тұстарын толықтырып, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында бірлесе жұмыс жасау мақсатында топ құрылып, құрамына Департамент қызметкерлері, Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС «Батыс филиалы» Қызылорда қосалқы бөлімі, Қызылорда магистралды желі бөлімшесі мен «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-нің, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, көліктік бақылау инспекциясы, Мемлекеттік кірістер департаменті және облыстық бақылау басқармасының қызметкерлері мен қоғам белсенділері енгізілді.
Еліміздегі орын алып жатқан жемқорлық көріністерін өзгерту өз қолымызда екендігін ескеріп, облыс тұрғындары тарапынан талдау жұмыстары бойынша ұсыныстары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпараттары болған жағдайда, taldau-kzo-2022@mail.ru электрондық поштасына және WhatsApp +7 701 869 99 94 жіберуді сұраймыз.
"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ-ның өңірлік мекемелері бойынша туындаған кез-келген мәселелері бойынша Агенттік желісі 1424 Call орталық арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті