Сыртқы талдау жүргізуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті барлық мүдделі тұлғаларды жұмыс тобының мүшесі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырады.
Облыс тұрғындарын «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі бойынша өз ұсыныстары мен шағымдарын енгізуге шақырамыз.
Азаматтардыңпікірлері мен ұсыныстарыналуүшін: электрондықпошта: apvo.kzo@mail.ru, байланыс телефоны: 8 (7242) 23-06-30 (300), мекен-жайымыз: Қызылордақаласы, Желтоқсанкөшесі 156 «А»
Барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды ынтымақтастыққа және талдау жүргізуге қатысуға шақырамыз.


Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті