Түрлі этностар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алған Ғалия Ұбайдуллақызы этнобірлестіктердің төрағаларымен тең отырып тілдесу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қазіргі таңда ашықтық, қолжетімділік қағидаттарына басымдық бергендігін және заң нормаларына енгізілгелі жатқан жобалар жайлы ақпараттар ұсынды.
Оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг сияқты профилактикалық құралдар енгізілді; сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесі жетілдірілді; лауазымды тұлғалардың сыйлықтарды сыйлауына және алуына толық тыйым салынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институты іске қосылды, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік күшейтілді және комплаенс-қызметтеріне тоқталып өтті.
Шара барысында өңіріміздегі тұрмыстық жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, бірлесе жұмыс жасауға бастамашылық білдірді.
Кездесу соңында бірқатар сауалдарға жауаптар беріліп, барлық қатысушыларды қоғам кеселіне айналған әлеуметтік індетпен жалпы қоғам болып күресуге шақырды.
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет
департаментінің баспасөз қызметі