Ауа райына байланысты екі облыста ескерту жарияланды
Қазгидромет еліміздің екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыс орталығында жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Сондай-ақ Түркістан облысының оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстік, батыс және таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.