Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік көлікті заңдастыру: қазақстандықтар не білуі керек?

Шетелдік көлікті заңдастыру: қазақстандықтар не білуі керек?

23 қаңтардан бастап шетелдік көліктер заңдастырылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.Қандай көліктер заңдастырылады?

"Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл көліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, оң жақтан басқарылатын көліктер", - делінген хабарламада.

Заңдастыру үшін талап етілетін ережелер қандай?

"- Көлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген болуы керек;

- Криминалдық есепте болмауы керек;

- Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;

- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет", - делінген ведомство хабарламасында.

Өтінім беру 1 шілдеге дейін жалғасады.

Өтінім беру жолдары қандай?

- е-gov.kz электрон үкімет порталы арқылы;

- Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;

- ХҚКО-ның "Өз-өзіне қызмет көрсету секторы" арқылы.

Көлікті заңдастыру үшін қажет құжаттар қандай?

- Өтінім;

- Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

- Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;

- Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.

- Алғашқы тіркеу үшін - 200 000 теңге;

- Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ - 4 313 теңге;

- Мемлекеттік нөмір - 9 660 теңге. Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.



massaget.kz
Фото: smi24.kz
21 қаңтар 2023 ж. 366 0