Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 23-28 м/с жетеді.
Шымкент қаласында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, тәулік бойы 22, түнде 23 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
kyzylorda-news.kz
Фото: khabar.kz