Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетау қаласында түнде және таңертең батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - секундына 15-20 метр.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады күші - секундына 15-20 метр.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-18 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендеп, 22-27 градус аяз болады. Павлодар қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында түнде бұрқасын көтеріледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда күші - 15-20 м/с. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Фото: ​aqmeshit-aptalygy.kz​​​
13 желтоқсан 2022 ж. 377 0