Азаматтық қоғамның дамуына жаңа серпін

Реформалардың аясында еліміздегі сайлау заңнамасына бірқатар елеулі өзгерістер енгізілді. Алдағы сайлауда Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізіммен, 30 пайызы бір мандаттық жүйемен сайланатын болды. Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарының 50 пайызы партиялық тізім бойынша, 50 пайызы бір мандаттық жүйе тәртібімен сайланады. Ал ауылдық және қалалық мәслихаттарының депуттары бір маңдаттық жүйе бойынша сайланатын болып бекітілді.
Саяси партиялардың тіркеуден өту тәртібі жеңілдетілді. Олардың сайлау қорытындысымен Мәжіліске өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендеді. Депутаттық мандаттардың 30 пайызын әйелдер мен жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға беру заңмен белгіленді.
Құрметті жерлестер!
Барлығыңызды үлкен азаматтық жауапкершілік танытып, алдымызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға және аталған өкілді билік органдарына шын мәнінде халық қалаулысына лайықты, ұлтжанды, отансүйгіш, ел арасында беделді, білімді әрі білікті, жанашыр азаматтарды таңдап сайлауға шақырамын.
Сонда ғана біздер Президентіміз айтқандай: «Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет» қағидатын толығымен жүзеге асыра аламыз және сол арқылы азаматтық қоғамымыздың дамуына жаңа серпін береміз.
Оспанов Нұралы,
Білім саласының ардагері, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы