Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси науқанның салмағы басым

Саяси науқанның салмағы басым

Еліміз үшін тағы бір маңызды саяси науқан Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 19 наурызға белгіленіп отыр.
Бұл саяси доданың еліміз үшін маңызды екендігін атап өткен жөн. Елдің мұңына құлақ түріп, мәселесін оң шешуде депутаттар қауымы халық жүгін көтеріп жүр. Олардың депутаттық сауал ретінде жолдаған ел мәселесі Мемлекет басшысын бей-жай қалдырмай келеді. Ал биылғы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауда бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр.
Енді депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтетін болды.Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Осы арқылы сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Түрлі көзқарастағы азаматтардың депутат болуына мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалатындығын Президент тілге тиек етті.
Елдің болашағын жарқын етуге бастайтын қадамдардың бірі саналған аталған сайлаудың өтуі, халықтың биліктің таңдай алатындығының дәлелі деп білеміз.
Н. МАРАТ

Фото:  zakon.kz
21 қаңтар 2023 ж. 480 0