Бизнес өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдықтарының бірі

Кәсіпкерлердің проблемалары көбінде шенеуніктердің жемқорлығы, әкімшілік кедергілер және заңнамалық олқылықтармен байланысты.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері бойынша 2022 жылы бизнес субъектілерінің әкімшілік талап-арыздарының шамамен 55%-ын сот қанағаттандырған.
Бұл, мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдерінің заңсыздығын көрсетеді.
Кездесу барысында Е.А.Мақажанов Агенттік Төрағасының бастамасымен биылғы жыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін «Бизнесті қорғау жылы» болып айқындалғанын, бұл ретте, нақты проблемаларды шешуде практикалық көмек және жүйелі мәселелерді талдамалау арқылы шешу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Осы орайда, мемлекеттік органдар іс-әрекеттеріне, әкімшілік кедергілерге қатысты шағымдарды жедел алу және қарау үшін, бизнес өкілдерін апта сайын осы «Атамекен» палатасында немесе басқа диалог алаңдарында «бейресми атмосферада» жеке қабылдауға дайын екендігін жеткізді.
Кездесуде құрылыс, жеке балабақша, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету және т.б. салалардағы кәсіпкерлердің бизнес жүргізудегі проблемалық мәселелері тыңдалып, олар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Алдағы уақытта Департаментпен «Атамекен» палатасымен бірлесіп кәсіпкерлердің неғұрлым өзекті проблемаларын айқындап, қалыптасқан кедергілерді жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданатын болады.
gov.kz