Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі миллионға жуық теңге өндіру туралы талап қою медиация тәртібімен реттелді

Екі миллионға жуық теңге өндіру туралы талап қою медиация тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы И-дың жауапкер У-дан 1 898 376 теңге өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.
Талап қоюшының талабына сәйкес, жауапкер 2021 жылы талап қоюшыдан қарызға ақша алған. Алайда, алған қаражатты қайтару туралы міндеттемені орындамауына байланысты, талап қоюшы берешекті өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.
Нәтижесінде тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес жауапкер берешек қарызын ай сайын талап қоюшымен өзара келісілген мөлшерде бөліп төлеуге уағдаласқан.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

27 қаңтар 2023 ж. 262 0