Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация мәмілеге келтірді

Медиация мәмілеге келтірді

Арал аудандық сотында талап қоюшы Е-ның жауапкер М-дан 7 507 500 теңге  қарыз өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.
Талап қоюшының талабына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан қайтарып беретін болып 7 507 500 теңге қарызға ақша алған. Алайда ол, өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамауына байланысты, талап қоюшы қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның, сондай-ақ сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.

Нәтижесінде тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан. Келісімге сәйкес жауапкер  берешек қарызын бір ай ішінде төлеп құтылуға міндеттенген.

Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
04 мамыр 2022 ж. 634 0