Медиацияның тиімділігі

Айталық, Арал аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер Ж-дан қарыз ақша өндіру туралы талабы сотқа дейінгі тәртіппен реттелді.
Талап қоюшының талабына сәйкес, жауапкер ағымдағы жылдың мамыр айында талап қоюшыдан қайтарып беретін болып 300 000 теңге қарызға ақша алған. Алайда ол, өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамауына байланысты, талап қоюшы қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, медиативтік келісім жасаудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірген. Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер берешек қарызын келісімде көзделген мерзімде төлеп құтылуға міндеттенсе, талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі