Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауды шешудің қолайлы тәсілі

Дауды шешудің қолайлы тәсілі

Бүгінде тараптардың ымыраға келуі арқылы азаматтық істердің медиация тәртібімен тоқтатылу рәсімдері жиі кездеседі. Мұндай әрекеттер процеске қатысушылардың қатынастарын теңгеріп қана қоймай, соттарда қаралатын істердің санын да азайтады. Негізінен, сот істерінде тараптардың ымыраға келуі, істі аяқтаудың ең тиімді және қолайлы жолы болып табылады, өйткені істе жеңіліс тапқан тарап болмайды, екі тарапта қол жеткізген нәтижеге разы болады.
Айталық, Арал аудандық сотында талап қоюшы К-ның жауапкер С-дан жол көлік оқиғасынан келтірілген шығын мен моральдық зиян өндіру туралы, сондай-ақ талап қоюшы А-ның жауапкер М-дан материалдық шығын өндіру туралы екі азаматтық іс бойынша бір күнде медиациялық келісімдер бекітілді.
Істерді сот талқылауына дайындау барысында, судья С.Бертай тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндірген. Осыдан соң, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге бет бұрып, сотқа өзара жасасқан медиативтік келісімдерін бекіту үшін ұсынған.
Сот ұйғарымдарымен медиативтік келісімдер бекітіліп, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Осылайша тараптар істі бітіммен аяқтап, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрыңғы қарым-қатынастарын сақтап қалды. Бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
02 ақпан 2021 ж. 459 0