Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды

5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін елімізде 25 842 өтінім мақұлданды. 5 375 адам көлігін сәтті заңдастырып, құжаттарын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Автокөліктерді заңдастыру ережелері 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе мамандандырылған ХҚКО-ға жеке жүгіну арқылы беруге болады. Онда тек көлік құралдарын заңдастыруға құжаттар қабылдайтын секторлар жұмыс істейді. Сонымен қатар онда заңдастыру ережелерін түсіндіретін әкімшілік полиция қызметкері болады. Өзіңізбен бірге - өтініш, жеке куәлік, автокөлік паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, сондай-ақ меншік құқығын растайтын құжат болуы қажет.

Ал заңдастыру туралы шешім екі күн ішінде қабылданады.

Автокөлікті заңдастыру үшін өтінім, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат талап етіледі. Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.
28 қаңтар 2023 ж. 291 0