Мемлекеттік қызметте атқарылар іс ауқымды
Ауданда Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамалардың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормалары бұзушылықтарының орын алу себептеріне тұрақты түрде талдау жасалып келеді. Осы орайда арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Атап айтсақ, 2022 жылыбарлық мемлекеттік қызметшілерге 8 семинар,
1 құқықтық оқыту және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаевтың қатысуымен 1 кездесу өткізілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 53 жеке қабылдау өткізіліп, 29 мемлекеттік қызметші мен 24 жеке және заңды тұлғаға консультациялық көмек берілді.
Мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік органдағы ұжымның моральдық-психологиялық портреті айқындалады. Соған сәйкес, аудан әкімдігіне қарасты 173 мемлекеттік қызметшіге тоқсан сайын арнайы сауалнама жүргізілді. Нәтижесімен ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін тұрақтандыру мақсатында 1 мемлекеттік мекеме ұжымымен кездесу өткізілді. Жыл бойы жұмыс уақытынан тыс және мерекелік демалыс күндері қызметтік автокөліктерді пайдалану мен мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс жасау фактілерін анықтау мақсатында барлығы 19 рейдтік шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға бағытталған әдеп жөніндегі уәкілдің 11 мақаласыәкімдіктің ресми интернет ресурсында және әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды.
Өткен жылы жалпы саны 33 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды. Оның 30-ына ескерту, 2-уіне сөгіс, 1 қызметшіге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар берілді. Аудан әкімдігі жанынан құрылған тәртіптік комиссия отырысы 7 мәрте өткізілді. Оның 4-еуінде мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері және оларға қойылған шектеулердің сақталмауы жағдайлары қаралды. Комиссия қорытындысымен 1 мемлекеттік қызметшіге «қатаң сөгіс», 1 маманға «ескерту» түріндегі тәртіп жаза көрілді. Ал қалған 2 шағым бойынша мән-жайларды зерделеу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталмай, құқықтары қорғалды.
Сонымен бірге аудандық прокуратурасы заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы берген ұсынуына байланысты, мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін орындамауына қатысты тәртіптік мәселесі және теріс қылықты іс-әрекетіне байланысты мәселелер қаралды.
Мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімділікті ұстану, Әдеп нормаларының талаптарын сақтау мен шектеулерді орындау назардан тыс қалған емес. Осының нәтижесінде былтырғы жылы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау фактісі орын алмады.
Меритократия қағидасы бойынша қызметке қабылдау үлесі 86%-ды құрады. Сонымен қатар «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізілместен ауысу тәртібімен 1 мемлекеттік қызметші басшылық лауазымға тағайындалды.
Айта кету қажет, ел экономикасының басым секторлары үшін кадрларды және мамандарды даярлау мақсатында бекітілген «Болашақ» Халықаралық стипендиясы бойынша аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Жүсіпов Дәурен АҚШ-тың Массачусетс штатының Бостон қаласындағы «Бостон» университетінде білім алуда. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Раимбетов Серік пен аудан әкімінің орынбасары Жұмағұлов Бектемір білімдерін жетілдіруде.
Сондай-ақ жыл көлемінде Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысымен 58 мемлекеттік қызметші марапатталса, облыстық деңгейде өткізілген түрлі сайыстардан ауданымыз жүлделі орындарға ие болды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметші күні» кәсіби мерекесіне орай мамандар арасында спорт түрлерінен облыс әкімінің жүлдесіне арналған XXVІІ дәстүрлі спартакиада өткізіліп, ауданнан 25 мемлекеттік қызметші қатысып, жалпы командалық жеңімпаз ретінде Арал ауданы жүлделі І орын иеленді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тарапынан мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған «AQYL BATTLE» зияткерлік білім сайысына ауданнан 3 мемлекеттік қызметші қатысып, ынталандыру сертификатымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Жылдың үздік оқырманы» атты облыстық байқауына ауданнан 2 мемлекеттік қызметші қатысып, 1-еуі жүлделі ІІІ орынды иеленсе, 1 қызметкер Алғыс хатпен марапатталды.
Ауданда биылғы жылы да мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытына басымдық беріліп, аталған жұмыстарды күшейту шаралары өз жалғасын табатын болады.
Нұрмұхамет БОХАЕВ,
Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл