Ауа райы: Қызылордада жауын жауады
Бүгін Қазақстанның солтүстігі мен шығыс жартысы антициклон сілемі әсерінде болып, күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына оңтүстік циклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашын болады, кей уақытта нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман түсіп, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар түседі.
kyzylorda-news.kz
Фото: baq.kz