Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

Зымыранға №4 «Электро-Л» ғарыш кемесі бекітілді.
Роскосмос хабарлауынша, «Электро-Л» сериялы ғарыш аппараты ғалымдарға ауа райын болжауға, авиациялық ұшулар шарттарын талдауға, теңіз және мұхит суының жағдайын бақылауға, сондай-ақ қауіпті аймақтардағы төтенше жағдайларды жою шараларын жоспарлауға көмектеседі.
Қазір электро жүйесінде 2011 жылдан бері «Электро-Л» №2 және «Электро-Л» №3 екі жер серігі пайдаланылып келеді.