Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен ер адамдар қарапайым қызды таңдайды?

Неліктен ер адамдар қарапайым қызды таңдайды?

Сұлулардың өздеріне ерлер назар аудармайды деп шағымдануы біртүрлі көрінеді. Шындығында, бұл жиі орын алатын жағдай оны ғылымда  – "қар ханшайымы синдромы" деп атайды.

Клиникалық психолог Денис Долгов өзінің қабылдауында болған әдемі әйелдер көбінесе ерлердің оларға назар аудармайтынынан шағымданатынын айтады. Сонымен қатар, олар сыртқы келбеті қарапайым әйелдер ерлердің назарында екенін байқап, бұған таң қалады екен.

Психологтың айтуынша, бұл жерде мәселе, бір жағынан, ерлердің сенімсіздігі болса, екінші жағынан, әйелдердегі "қар ханшайымы синдромы" болуында.

"Еркектер көбінесе өзіне сенімсіз тіршілік иелері. Олар көбіне көздің жауын алатын сұлуларға тіке назар аударудан қашады, өздерінде мұндай аруға қол жеткізуге ешқандай мүмкіндік жоқ деп есептейді. Ал қарапайым қызбен керісінше сенімді араласады. Ал сұлу әйелдер оларға емеурін білдірсе көбісі таңғалады, өйткені олар әлі де ерлер бірінші болып қадам жасау керек дейтін стереотиптің тұтқынында", - дейді Денис Долгов өзінің Telegram-арнасында.

Қысқаша айтқанда, басты мәселе – ерлер сенімсіздіктен қорықса, ал сұлулар "қар ханшайымы" сияқты ерлерден бірінші қадамды күтеді, өйткені олар да бірінші ер адамдар сезімін білдіруі керек деп санайды.

"Көрінбейтін бас киім" сияқты

Қоғамда әдемі, ақылды, жақсы жұмысы бар, бірақ жалғыз әйелдер көп кездеседі. Оларды ер адамдар байқамайтын сияқты. Егер біреумен қарым-қатынасты бастаса, өте тез аяқталады.

Психолог Инна Воронованың айтуынша, жеке өмірдегі мұндай сәтсіздіктердің артында, әдетте, қорқыныш жатыр. Бұл, мысалы, ренжіту, қателесу, сәтсіздікке ұшырау, жоғалту, тастап кету, жазадан қорқу және т.б. болуы мүмкін. Психолог бұл қорқыныштардың өзіндік бастауы мен себептері бар екенін айтады. Бірі балалық шақтан қалған болса, екінші өмірдегі сәтсіздіктер. Бұл қорқынышқа жауап ретінде денеде қорғаныс түрі – ашу пайда болады.

Нәтижесінде қорқыныш пен ашу әйелдің айналасында қабырға тудырады, ол басқаларға: "Маған жақындама!" деп ескертеді. Психологтың айтуынша, адамдардың көпшілігі қиындықтарды жеңуге және олардың себептерін талдауға бейім емес, олар үшін мұндай адам жолында кездессе айналып өту әлдеқайда оңай.
09 ақпан 2023 ж. 362 0