Жер бетінде бірде-бір ер азамат қалмаса да, әйелдер бала туа алады – ғалымдар

Ғалымдардың айтуынша, ерлердің Y-хромосомасы — эволюция кезінде 10 пайыз гені ғана қалған әйелдердің Х-хромосомасы. Оның үстіне әйелдер ұрықтандырусыз ұрпақ жалғастыра алады.
"Себебі әйелдерде хромосомалар жеткілікті, ал ер адамдардың бала көтеретін жыныс органдары жоқ", — делінген хабарламада.
Демек, қандай да бір себептен ерлер жойылып кететін болса, әйелдер партеногенетикалық көбею жолына көше алады: гаплоид гаметалары түзілген кезде мейозда редукциялық бөлінбеген аналық жасуша арқылы бала сүйеді. Мұндай аналық жасуша тура анасының көшірмесі болып дамиды, яғни қыздар ғана дүниеге келеді.