Елімізде 11 жастағы қыздарға жаңа вакцина салынбақ

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жазылды.
«11 жастағы жасөспірім қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау ұйымдастырылады және жүзеге асырылады. Екпемен нысаналы топтың кемінде 95%-ы қамтылады», – делінген құжатта.
Кешенді жоспарда көрсетілгендей, вакцинация жүргізілетін мерзім – 2023-2025 жылдар аралығы.
Сонымен қатар аталған уақыт ішінде «В» вирусты гепатитіне де қарсы вакцинация жүргізілмек. Бұл бағытта да нысаналы топтың 95%-ын тиісті екпемен қамту жоспарланған.
Құжатты ашық талқылау 23 ақпанға дейін жалғасады.
syrboyi.kz