Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 26 ақпан, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Қар жауады, жаяу бұрқасын соғады.

Қазақстанның оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Батыс антициклонның әсерінен Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын жаумайды.

Республиканың оңтүстік-шығысында және батысында көктайғақ болады.

Еліміздің аумағында тұман түсіп, жел күшейеді.

kyzylorda-news.kz
Фото: baq.kz
26 ақпан 2023 ж. 246 0