Өткен тәулікте 67 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда тағы 67 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанда 1 726 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 107 пациент стационарда, 1 619 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.