Хиджама туралы не білеміз?

Ем-домның ережелерін сақтамау денсаулықтың нашарлауына әрі келесі жанама әсерлерге: құсу және диарея, қатты шаршау, қан қысымының күрт төмендеуі, температураның жоғарылауы, анемияға әкелуі мүмкін. Қанның аз мөлшерде алынуы қиындықтар да тудыруы мүмкін. Мәселен қан кетпей, тоқтап қалады немесе керісінше тоқтамай қоюы мүмкін. Кей жағдайларда тіпті науқас есінен де танып қалуы ықтимал. Сонымен қатар хиджама жасау барысында қан арқылы жұғатын адам иммунитет тапшылығының вирусы, вирусты гепатит секілді ауруларды жұқтыру қаупі де орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайлар болмас үшін, міндетті түрде хиджама жасамастан бұрын дәрігермен кеңесу қажет екенін ұмытпаңыз. Емдеудің бұл түрі тек дәрігер көрсетілімімен жүзеге асырылуы тиіс және осы процедураны жүзеге асыратын мамандар тарапынан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Хиджама жасау процедурасы қан қысымын, бронх-өкпе ауруларын, остеохондроз, есту қабілетінің жоғалуын, гайморит бронх демікпесі; бауыр мен өт қабы жұмысының бұзылуын, бүйрек ауруларын, зәр шығару жүйесінің ауруларын, артроз, ерлер мен әйелдердің бедеулігі, әйелдердің жыныстық жүйесі ауруларын емдеуде қолданылады. Хиджама емінен кейін көптеген науқастар өздерін жақсы сезініп, ұйқылары дұрысталып, көңіл-күйлері көтеріңкі болады.
Хиджаманы жоғарыда аталған аурулар түріне қолданумен қатар кейбір ауруларда қолдануға болмайды. Атап айтқанда, қан аздық, психикалық ауытқулар, онкологиялық аурулар, жүктілік және лактация кезеңі, ашық жарақаттар болған жағдайда, қатты шаршау, әлсіреу болғанда, адам иммунитет тапшылығының вирусы, жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы аурулары, атеросклероз, гепатит, мерез, бауыр циррозы, ауыр жүрек ақаулары. Уақытша шектеулер төмендегідей: жарақаттан, ұзақ ауырғаннан кейін немесе операциядан кейін денені қалпына келтіру (процедураны 20-30 күннен кейін жасайды), әйелдерде етеккір келген күндері және ол аяқталғаннан кейін тек 7-10 күннен хиджаманы жасауға болады; вирустық аурулар немесе ангина ауырғаннан кейін екі аптадан соң хиджама жасауға болады.
Қорыта келгенде әр адамның денсаулығы өз қолында екендігін ұмытпағанымыз жөн!
М. САДЫҚОВА,Аал аудандық СЭБ басқармасының бас маманы