Биыл Астана күніне орай қазақстандықтар екі күн қатарынан демалады

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар биыл шілдеде төрт күн қатарынан демалуы мүмкін. 6 шілде Астана күні бейсенбіге сәйкес келетіндіктен, жұма күнгі жұмыс күні 1 шілдеге ауыстырылады. Яғни 6,7,8 және 9 шілде демалыс күні болып жарияланбақ.
"Демалыс күні 1 шілде сенбіден 7 шілде жұмаға ауыстырылсын", – деп жазылған қаулы жобасында.
Министрліктің хабарлауынша, демалыс күнін шегеру жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған.