Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 наурызға арналған ауа райы болжамы

1 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атлантикалық циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын сақталады. Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы атмосфералық жоғары қысым аумағында болғандықтан мұнда жауын-шашын жаумайды. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
01 наурыз 2023 ж. 317 0