Олимпиада жеңімпаздары білім гранты иегері атанды

Олимпиаданың 1 орын, алтын медаль иегері атанған 14 мектеп бітіруші түлекке Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 14 білім гранты берілді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Абдрашева Дана Мейрамқызы «Сыр дарындары – өңірдің ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның шамшырағы атанып, білім мен ғылым додаларында ел абыройын асқақ ететін өрелі өрендер!». Білімді де дарынды жастарға университет әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.
syrboyi.kz