Қызылорда облысының тұрғындары өз сайлау учаскелерін қалай біле алады?

Мамандар әр аудан, әр ауылдағы сайлау округтері мен учаскелердің орналасқан орындарын картамен белгілеп, GPS навигатор арқылы оған қалай баруға болатынын да қолжетімді етті.
Сайт арқылы 7 аудан және қаладағы округтердің нөмірі, байланыс деректері мен оларға тиесілі шекаралар анық көрсетілген.
Платформадан кез келген азамат ЖСН-ін теру арқылы өз учаскесін оп-оңай тауып алады.
Телеграм десеңіз https://t.me/sailau_kzoBot бот жұмыс істейді.
Мобильді қосымша керек десеңіз smart qyzylorda бар.
24/7 режимде жұмыс істейтін тегін 109 call орталығы сайлауға қатысты сауалдарыңызға жауап беруге дайын!
Қысқасы, сайлауға дейін қай учаскеге барып, дауыс беретініңізді бар болғаны бір минутта анықтап алыңыз!
kyzylorda-news.kz